Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің" оқушылары "Армандастар" атты балалар шығармашылығының облыстық байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, "Нұр-шуақ" би ансамблі І орын иеленді.
Бұл – жылдан жылға жалғасып келе жатқан сіздердің табысты жетістіктеріңіздің айқын дәлелі. Сонымен қатар, бұл жеңіс – оқушылардың таланты мен қажырлы еңбегінің, ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

