2026 жылдың 10–11 наурыз күндері Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының республикалық кезеңінде Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжеғали Сымбат ІІ орынды иеленді.
Байқаудың мақсаты:
Дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізіп, олардың қабілетін ашуда ерекше нәтиже көрсеткен шығармашыл, жаңашыл ұстаздарды анықтау және қолдау.
Бұл байқау – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығын танытатын маңызды алаң.
Кенжеғали Сымбатқа шығармашылық табыс, биік белестер және алдағы уақытта да зор жетістіктер тілейміз!


