2025 жылдың 28–29 қазан күндері Амангелді ауданында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға жалпы 30 оқушы қатысты. Нәтижесінде аудан оқушыларынан 8 оқушы жүлделі I, II, III орындарды иеленіп, 2 оқушы ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Қойшыбек Айзере – орыс тілі, II орын (Ы.Алтынсарин ЖББМ)
Сайлау Гүлдана – 9 сынып, физика, III орын (Ы.Алтынсарин ЖББМ)
Қабжелел Мадина – 10 сынып, физика, III орын (Ы.Алтынсарин ЖББМ)
Қайпен Алихан – 11 сынып, Қазақстан тарихы, II орын (Албарбөгет ЖББМ)
Нұрхан Жайнагүл – 10 сынып, математика, II орын (Қаратүбек ЖББМ)
Маратқызы Кәмшат – 11 сынып, математика, II орын (Ш.Уәлиханов мектебі)
Жақсылық Аружан – 9 сынып, химия, III орын (А.Қоңқабаев мектебі)
Жақсылық Інжу-Маржан – 9 сынып, қазақ тілі, III орын (Амангелді мектебі)
Қарсақбай Зәмзәгүл – география, ерекше жетістігі үшін грамота (Ы.Алтынсарин ЖББМ)
Бейбіт Бекбол – 9 сынып, математика, ерекше жетістігі үшін грамота (А.Қоқабаев мектебі)
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!


