18 Мамыр 2026
Жетістіктер

Жеңіс жолындағы жарқын қадам

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ-сі ұйымдастырған математика пәнінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңіне Жангелдин ауданынан 4 мұғалім қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.Нәтижесінде:
"Айса Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі Суингарина Жансая Даиыновна жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, "Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімдері Сармантаева Сандуғаш Еркиновна,
Оспанғали Сандуғаш Қарашқызы, Молдаш Әсел Қонарбекқызы
арнайы мадақтамамен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік пен биік белестер тілейміз!
 
 
 
Пайдалы ақпараттық ресурстар