2026 жылдың 3–7 сәуір аралығында 6-сынып оқушылары арасында "Мың бала" ұлттық олимпиадасының аудандық кезеңі онлайн форматта өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептерінде білім алатын 6-сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау, сондай-ақ оларға тең мүмкіндік жасау. Бұл жоба дарынды ауыл оқушыларының еліміздің мамандандырылған мектептерінде (Дарын, БИЛ) білім алуына жол ашатын маңызды бастама болып табылады.
Аудан бойынша олимпиадаға 135 оқушы тіркеліп, өз білімдерін сынап өтті. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Ең жоғары ұпай жинаған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алады.
View the embedded image gallery online at:
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9726-my-bala-olimpiadasyny-audandy-keze-i.html#sigFreeId8d61d9a1a7
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9726-my-bala-olimpiadasyny-audandy-keze-i.html#sigFreeId8d61d9a1a7

