18 Мамыр 2026
Жетістіктер

Жеңіс құтты болсын!

«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі ЖШС-нің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №184 хаты негізінде 3–4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізіліп, оның қорытындысы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, облыстық кезеңде:
  • «Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 3-сынып оқушысы Жұмабек Еркеназ – ІІІ орын;
  • «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 4-сынып оқушысы Мақсұт Мансұр – ІІІ орын иеленді.
Жас математиктерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! 
 
Пайдалы ақпараттық ресурстар