«Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде оқушылар жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылдың 17 сәуір күні Қостанай қаласында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Бұл білім додасы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, математикаға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған.
Аталған олимпиадаға облыстың түрлі мектептерінен дарынды оқушылар қатысып, өз білімдерін сынға салды. Нәтижесінде бірқатар оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, 6-сынып оқушысы Ахан Берік «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ-сі 6сынып оқушысы жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшісі – Нурмагамбетова А.С.
«Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі 5-сынып оқушысы Сәкен Айназ 3-орынға қол жеткізді. Оқушыны дайындаған жетекшісі – Ғалымова Әлия.
«Ш. Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім мектебі» КММ-сі 6 оқушысы Нұрланұлы Нұрбол да жақсы нәтиже көрсетіп, 3-орынды иеленді. Жетекшісі – Ақылбекова Эльвира.
«Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі 6оқушысы Рүстемқызы Томирис олимпиадада белсенділік танытып, грамотаға ие болды. жетекшісі – Дүйсенбай Нұрлан.
Жас математиктердің бұл жетістіктері – олардың табандылығы мен ұстаздарының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Осындай білім сайыстары оқушылардың зияткерлік дамуына үлкен серпін беріп, болашақта биік белестерді бағындыруына жол ашады.
View the embedded image gallery online at:
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9733-altyn-sa-a.html#sigFreeId12d09ee70a
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9733-altyn-sa-a.html#sigFreeId12d09ee70a

