21 сәуір күні Астана қаласында ұйымдастырылған республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауында Қостанай облысының намысын қорғаған "Жангелдин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «Аманкелді жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушысы *Жақсылық Бақтылы* арнайы сыйлық иегері атанды. Бұл – шәкірттің табанды еңбегі мен ұстаздың тынымсыз ізденісінің, сапалы дайындықтың нәтижесі. Жетекшісі *Жақсылық Сәнімгүл Сәкенқызының* кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі осындай биік жетістікке жол ашты. Жас дарынның республикалық деңгейде топ жарып, аудан абыройын асқақтатуы – барша педагогтерімізге үлкен шабыт пен сенім сыйлайтыны сөзсіз. Білімге деген құштарлығы мен еңбегі үшін оқушымызға, сапалы дайындық пен жанашырлығы үшін жетекші мұғалімге, сондай-ақ дарынды балаларға әрдайым қолдау білдіріп отырған мектеп әкімшілігіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Жетістіктеріңіз толастамай, алар асуларыңыз биік болсын! Ауданымыздың мерейін үстем етер жеңістеріңіз көп болғай!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9734-sh-k-rim-o-ulary-baj-auy.html#sigFreeId3839cec6e8

