2026 жылғы 22 сәуірде Қостанай облыстық «Абай оқулары» байқауында Жангелдин ауданының білім бөліміне қарасты мектептердің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті. Аталған байқауға ауданнан 4 оқушы қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді.
«Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша Қайыржан Нұрдәулет І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.Жетекшісі - Мукашева Фарида. «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша Қосылбек Айша ІІ орынға ие болды. Жетекшісі – Бекетова Елугүл.
«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша Асыланқызы Кәусар ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі – Ералиева Әсем. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша Тәжиева Гүлім ІІІ орынға лайық деп танылды.
Жетекшісі – Есекеева Әйгерім. Бұл жетістіктер – оқушылардың талмай ізденуінің, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі. Ұлы Абайдың мұрасын насихаттап, жас ұрпақтың рухани дамуына үлес қосып жүрген дарынды оқушыларымыз бен жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық кезеңге жолдама алған Нұрдәулетке сәттілік тілейміз! Алдағы байқауларда да аудан намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Жеңістеріңіз көп болсын!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9743-abaj-o-ulary.html#sigFreeId01c788376d

