14 Тамыз 2026
Жетістіктер

Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған

2026 жылдың 28 сәуірінде Жангелдин ауданы білім бөлімінің 7 сәуірдегі №209 бұйрығына сәйкес мектеп оқушылары арасында республикалық Мағжан оқуларының аудандық кезеңі "Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-сінің базасында өтті. Байқауға 4 номинация бойынша жалпы саны 37 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Жас дарындардың шығармашылық қабілетін шыңдап, Мағжан Жұмабаевтың мол мұрасын насихаттауға бағытталған бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас дарындар номинациясы бойынша "Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі" КММ-сінің 10-сынып оқушысы Ибраев Данияр, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясында "Қаражан Топаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-сінің 8-сынып оқушысы Марат Аруна, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» ғылыми жоба номинациясы бойынша "Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі" КММ-сінің 10-сынып оқушысы Серікбол Мадина өзінің терең ізденісімен ерекшеленіп, бірінші орынды иеленді.
Жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік пен толағай табыс тілейміз!
Мағжан мұрасын терең меңгеріп, өнер мен білім бәйгесінде биіктен көрініп, облыстық кезеңде де аудан мерейін үстем етіп, үздіктер қатарынан көріне беріңіздер!

Пайдалы ақпараттық ресурстар