14 Тамыз 2026
Жетістіктер

Сүйінші жаңалық!

14 мамыр күні 5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Осы білім додасында Жангелдин ауданының намысын қорғаған Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6-сынып оқушысы Жалғасбай Қарагөз Нұрлыбайқызы жаратылыстану пәні бойынша ІІ орын иеленіп, облыс абыройын асқақтатты. Бұл – табандылық пен тынымсыз еңбектің, білімге деген шынайы құштарлықтың айқын нәтижесі. Білім бәйгесінде биік белесті бағындырған Қарагөз оқушымызға, оны жетістікке жетелеген жетекшісі Әмірғалиева Томирис Нығыметқызына және Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Жас дарынға толағай табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар