13 мамыр күні Қостанай қаласында облыстық «Мағжан оқулары» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – Мағжан Жұмабаев шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аталған байқауға Жангелдин ауданынан 3 оқушы қатысып, оның екеуі жүлделі орындарға ие болды. Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі КММ-нің 10-сынып оқушысы Серікбол Мадина Даниярқызы «Мағжан ақынның шығармашылығы бойынша ғылыми жоба» номинациясы бойынша ІІ орын алса, Ибраев Данияр «Жас ақындар» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаз оқушылардың жетекшісі – Кенжеғали Сымбат Кенжеғалиқызы. Жас дарындарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9851-13-mamyr-k-ni-ostanaj-alasynda-oblysty-ma-zhan-o-ulary-baj-auy-tti.html#sigFreeId5395cf4571

