ЖЕҢІСТІ ЖАҢАЛЫҚ Мамыр айының 14-15 күндері Талдықорған қаласында өтіп жатқан республикалық «Ілияс оқулары» байқауынан сүййінші хабар жетті. Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының негізгі мақсаты – Ілияс Жансүгіров шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және жас таланттарды анықтау болып табылады. Сонымен қатар, байқау жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, өлең сөзінің құдіретін терең сезінуге, Ілиястың прозалық, драматургиялық және ғылыми еңбектерімен танысып, өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыруды көздейді. Жас ақындарға рухани қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық ізденістерін жандандыруға, азаматтық көзқарастары мен дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Аталған республикалық кезеңге Жангелдин ауданынан екі оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қаратүбек жалпы білім беретін мектебі КММ-нің 8-сынып оқушысы Төлеген Сезіп Ілияс Жансүгіров өлеңдерін жатқа оқу бағыты бойынша ІІІ орынды иеленсе, Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі КММ-нің 10-сынып оқушысы Ниязбек Таңжарық өз шығармашылығы бағыты бойынша ІІ орынға қол жеткізді. Жүлдегер оқушыларды дайындаған жетекшілері Дайырова Әсем мен Кенжеғали Сымбатқа шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде шәкірттеріңіз биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Жас дарындарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

