14 Тамыз 2026
Жетістіктер

"Алпамыс батыр" жыры – рух пен намыстың жыры!

"Алпамыс батыр" жыры - рух пен намыстың жыры!
Облыстық кезеңде өткен "Тұлпар мініп, ту алған" байқауы аясындағы "Алпамыс батыр" жырын жатқа айту сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 44 оқушы өз бақтарын сынады. Қатысушылар билет негізінде екі тапсырманы орындап, жырдың кез келген бөлігінен үзінділерді нақышына келтіре орындады. Жангелдин ауданынан қатысқан екі оқушының бірі - Н.Иванов мектебінің оқушысы Көшімбек Бақытбек жүлделі ІІІ орынды иеленіп, 200 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабек Айымгүл де 200 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Бұл - тек жүлде ғана емес, ұлттық рухтың, табандылық пен еңбектің жеңісі! Халық ауыз әдебиеті - жас ұрпақтың бойына елдік пен ерлік рухын сіңіретін баға жетпес мұра. Осындай байқаулар арқылы оқушыларымыз батырлар жырын жаттап қана қоймай, Отанға деген сүйіспеншілігін, батылдық пен қайсарлық қасиеттерін қалыптастырады. Ауданымыздың абыройын асқақтатқан жүлдегер оқушымыз бен жетекшісіне шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз - кейінгі буынға үлгі, болашаққа бағдар. Осындай жетістіктер басқа білім беру ұйымдарына да серпін беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде жаңа белестерге жетелейді деп сенеміз. "Алпамыс батыр" жыры - тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі ұрпақтың рухани темірқазығы!

Пайдалы ақпараттық ресурстар