Кәсіби шеберлік – табыс кепілі! 2026 жылдың 25 мамыр күні өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ІІ орын иеленген «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Мұқамедқали Шолпан Мұқамедқалиқызын шын жүректен құттықтаймыз! Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, шығармашыл педагогтерді қолдау және ұстаз мәртебесін көтеру. Шолпан Мұқамедқалиқызының бұл жетістігі – табанды еңбек пен кәсіби біліктіліктің айқын көрінісі. Әріптесімізге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және биік белестер тілейміз!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9856-k-sibi-sheberlik-tabys-kepili.html#sigFreeId254fb0aac0

