«Менің елім – менің бақытты балалық шағым» атты облыстық онлайн байқауының қорытындысы 2026 жылдың 5-13 мамыр аралығында Балаларды қорғау халықаралық күніне орай ұйымдастырылған «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» атты облыстық онлайн байқауына 3 жұмыс ұсынылып, «Жылы ұя» балабақшасының ересектер тобының бүлдіршіндері жүлделі II орынға ие болды. Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың өнерге деген қызығушылығын қолдау және бақытты балалық шақтың маңызын насихаттау. Жетекшісі: Батырова Мөлдір Көшкінбайқызы. Жеңімпаз бүлдіршіндерімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!


