Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 «В» сынып оқушысы, «Алтын белгі» иегері Бұқарбай Айару Сәбитқызы – білім мен өнерді қатар ұштастырған дарынды жас. Айару мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, әдебиет пен өнер салаларындағы республикалық және облыстық байқауларда жоғары жетістіктерге жетті. Оның қоржынында республикалық «Міржақып оқуларының» І орын, республикалық «Махамбет оқуларының» ІІІ орын, сондай-ақ облыстық «Ақберен», «Махамбет», «Мұқағали», «Әбіш», «Абай» оқуларының жүлделі орындары бар. Бұл жетістіктер – оның тынымсыз еңбегінің, білімге деген құштарлығының және шығармашылық ізденісінің жарқын нәтижесі. Бүгін «Алтын белгі» иегері атанған Айарудың бағындырар белестері әлі алда. Осындай білімді де талантты жастар – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Айаруға алдағы ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, таңдаған мамандығы бойынша білім грантын иеленуіне және өмір жолында толағай табыстарға жетуіне тілектеспіз! Дарынды түлекке жарқын болашақ, биік белестер мен үлкен жетістіктер серік болсын!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9863-b-arbaj-ajaru-s-bit-yzy-bilim-men-nerdi-atar-shtastyr-an-daryndy-zhas.html#sigFreeId3eff76967e

