07 Қырқ 2026
Жетістіктер

Жангелдин ауданы білім бөлімінің атынан

Жангелдин ауданы білім бөлімінің атынан Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Ғалымжан Аружан Серікқызын зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Аружан мектеп жылдарында үздік білім көрсетіп қана қоймай, қоғамдық жұмыстар мен шығармашылық бағыттағы бастамаларда да белсенділігімен ерекшеленді. Ол облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, туған өлкесінің абыройын асқақтатты. Қостанай облысы оқушылары Альянсының Аппарат басшысы ретінде жас буынның дамуына бағытталған жобаларға ұйытқы болып, ұйымдастырушылық қабілетін танытып келеді. «Алтын белгі» марапатына ие болу – білімге деген ұмтылыстың, табандылықтың және тынымсыз еңбектің айқын көрінісі. Бұл жетістік Аружанның жауапкершілігі мен мақсатқа беріктігін дәлелдеп, келешекте де үлкен белестерді бағындыратынына сенім ұялатады. Құрметті Аружан Серікқызы! Мерейлі марапатыңыз құтты болсын! Алдағы уақытта жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, армандарыңыз жүзеге асып, кәсіби және жеке өміріңізде толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз. Әрдайым биіктерден көрініп, жетістіктеріңіз еселене берсін!

Пайдалы ақпараттық ресурстар