07 Қырқ 2026
Жетістіктер

Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ-нің түлегі

Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ-нің түлегі, «Алтын белгі» иегері Серік Дильназ Ерікқызы – білім мен көшбасшылықты қатар алып жүрген дарынды шәкірт. Ол – Республикалық iQanat білім беру қорының Қостанай облысы бойынша бас лидері, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі белсенді ерікті, iQanat Peer-to-Peer жобасының ағылшын тілі тьюторы және кураторы. Сонымен қатар, 2023–2024 және 2024–2025 оқу жылдарында «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ Мектеп Парламентінің Президенті қызметін абыроймен атқарды. Дильназ – «Жыл үздігі – 2025» және «Жыл үздігі – 2026» атақтарының иегері, облыстық «Менің кіші Отаным» ғылыми жобасының жүлдегері. Сонымен қатар, ол IELTS халықаралық емтиханын сәтті тапсырып, жоғары нәтиже көрсетті. Шәкіртіміздің IELTS халықаралық емтиханынан жоғары нәтиже көрсетуі – оның табанды еңбегі мен мақсаткерлігінің жемісі. Бұл жетістік ауыл мектебінде берілетін сапалы білімнің айқын дәлелі әрі ауыл оқушыларының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсететін маңызды көрсеткіш. Дильназдың жетістігі ауыл мектебінде білім алып-ақ үлкен мақсаттарға қол жеткізуге болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Дильназ Ерікқызы ҰБТ-дің алғашқы мүмкіндігінде 116 балл жинады. Ауданымыздың мақтанышы, «Алтын белгі» иегері атанған Дильназды осы айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, алар асуларыңыз көбейе берсін. Біліміңіз бен еңбегіңіз әрдайым жемісін беріп, таңдаған жолыңызда толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар