07 Қырқ 2026
Жетістіктер

Томирис Бауыржанқызы – өз мақсатына еңбекпен жеткен талапты жас

Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Тойғанбол Томирис Бауыржанқызы – өз мақсатына еңбекпен жеткен талапты жас. Томирис мектеп жылдарында пәндік олимпиадалар мен зияткерлік байқауларда үздік нәтиже көрсетіп, аудандық және облыстық деңгейде жеңістерге қол жеткізді. Сонымен қатар 2023–2025 жылдары мектеп парламентінің ақпарат министрі ретінде белсенді қызмет атқарып, көшбасшылық қырын таныта білді. Бүгінгі «Алтын белгі» – оның білімге деген жауапкершілігі мен табандылығының заңды жемісі. Томиристі осы айтулы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы ҰБТ-да жоғары нәтиже, таңдаған мамандығы бойынша грант және үлкен өмір жолында сәттілік пен толағай табыстар тілейміз! Арманға сеніммен қадам басқан Томиристің алар асуы әрдайым биік болсын!

Пайдалы ақпараттық ресурстар