«Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Дулатқызы Кәусар – тарих пәні бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысқан дарынды шәкірт. Кәусар аудандық және облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанып, Қазақстан тарихы бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпазы болды. Сонымен қатар «Әбіш оқулары», «Кіші Отаным» байқаулары мен ғылыми жобалар жарыстарында үздік нәтижелер көрсетіп, өзінің білімділігі мен зерттеушілік қабілетін дәлелдеді. Кәусарды жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, білім грантының иегері атанып, болашақта ел игілігі үшін қызмет ететін білікті маман болуына тілектеспіз. Армандарың асқақ, алар асуларың биік болсын!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9867-albarb-get-zhalpy-bilim-beretin-mektebi.html#sigFreeId0af0f5898a

