Аңсаған Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі, Алтын белгі иегері Жақсылық Жансая Асқарқызы – білім мен табандылықты серік еткен талапты жас. Жансая мектеп қабырғасында оқу мен ғылым жолында үздік нәтижелер көрсетіп келеді. 2024–2025 оқу жылында биология пәнінен олимпиадада І орын иеленсе, 2025–2026 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадада ІІ орын алып, өзінің жан-жақты білімін дәлелдеді. Бұл жетістіктер – Жансаяның білімге деген құштарлығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Ол алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, өз мақсатына нық қадам басатынына сенім мол. Жансаяны қол жеткізген жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы білім жолында жаңа жеңістер, шығармашылық табыс және жарқын болашақ тілейміз!Еңбек пен талапты серік еткен Жансаяның алар асуы әрдайым биік, армандары асқақ болсын!


