Жангелдин ауданы білім бөлімінің «Жангелдин жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің түлегі Қабыкен Аружан Қойшанқызы – білім мен өнерді қатар ұштастырып, таланты мен еңбегінің арқасында жоғары жетістіктерге жеткен дарынды шәкірт. Аружан республикалық «Ыбырай оқулары» байқауының облыстық кезеңінде І орын, республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде ІІІ орын, республикалық «Ілияс оқулары» мен «Абай оқуларының» облыстық кезеңдерінде ІІ орын иеленіп, көркем сөз бен мәнерлеп оқу өнерінде өзінің жоғары деңгейін дәлелдеді. Өнер мен білім жолындағы табандылығы, ізденімпаздығы мен жауапкершілігінің нәтижесінде Аружан мектеп бітірушілер арасындағы ең жоғары марапат – «Алтын белгі» иегері атанды. Талап пен талантының, білім мен еңбегінің арқасында биік белестерді бағындырып жүрген Аружан Ұлттық бірыңғай тестілеуде 104 балл жинап, ұстаздарының үміті мен сенімін ақтады.


