М.Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі Ерболатқызы Айсель – білім мен белсенділікті қатар алып жүрген, мектеп өміріне белсене араласып, өз қабілеті мен талантының арқасында жоғары жетістіктерге жеткен дарынды шәкірт. Айсель 2025 жылы Ы.Алтынсариннің 185 жылдығына арналған дебат турнирінде ІІ орын иеленді. Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде «Ең сенімді ойынша» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ «Заң және қоғам» тақырыбындағы республикалық пікірсайыс турнирінде «Үздік спикер» атанып, шешендік өнері мен сыни ойлау қабілетін көрсете білді. Ғылыми-зерттеу бағытында да белсенділік танытқан Айсель ғылыми жобалар байқауында әдебиет секциясы бойынша Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романына арналған зерттеу жұмысымен ІІІ орын иеленді. Білімге деген құштарлығы, ізденімпаздығы мен жауапкершілігінің нәтижесінде Айсель мектеп бітірушілер арасындағы ең жоғары марапат – «Алтын белгі» иегері атанды. Айсельдің әрбір жетістігі – табандылықтың, үздіксіз ізденістің және мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі. Оның алған асулары мен жеткен белестері қатарластарына үлгі.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9872-erbolat-yzy-ajsel-bilim-men-belsendilikti-atar-alyp-zh-rgen.html#sigFreeIdb4d10cfb11

