«Auyl ERTEGI» байқауының қорытындысы шығарылды! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және Bugin Holding пен Neuronik серіктестігімен жүзеге асырылған «Ауыл» партиясының алғашқы білім беру платформасы — Auyl ERTEGI байқауы өз мәресіне жетті Auyl ERTEGI — 10-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге жасанды интеллект негіздерін тегін меңгеруге және оның көмегімен өз ауылының тарихы, аңыздары мен мифтері туралы әңгімелер құрастыруды үйрететін білім беру жобасы Оқыту бағдарламасын аяқтағаннан кейін қатысушылар жасанды интеллект құралдарын пайдаланып туған өлке туралы бейнероликтер әзірлеп, өз жұмыстарын байқауға ұсынды Жоба Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Байқауға 869 оқушы қатысып, платформаға 4 мыңнан астам адам тартылды Ауданымыздың "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 8 сынып оқушысы Құлтан Нұрәлі Қасымұлы, "Туған ауылымныі кешегісі, бүгіні және ертеңі" тақырыбындағы бейнеролик ұсынып І орынға ие болды.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/t-gy/zhetisti-ter-bb-dzhangeldi1231/9882-auyl-ertegi-baj-auyny-orytyndysy-shy-aryldy.html#sigFreeId744b0a3bba

