СҮЙІНШІ! ЖЕҢІС ЖАРШЫСЫ! Қостанай қаласында өтіп жатқан Қазақстан оқушыларының XIII жазғы Гимназиадасында біздің ауданның абыройын асқақтатқан 3 бірдей оқушымыз чемпион тұғырынан көрінді! Аудан намысын қорғаған Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары бокстан жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Атап айтқанда, 8-сынып оқушысы Қапсамат Аягөз, 9-сынып оқушысы Жанболатқызы Аяжан және 8-сынып оқушысы Қайырбек Сұлтан өз шеберліктері мен табандылықтарының арқасында жеңіс тұғырынан көрініп, аудан мерейін үстем етті. Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің, қайсар мінез бен жүйелі дайындықтың жемісі. Оқушыларымызға алдағы жарыстарда да толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! Ауданымыздың мерейін үстем еткен чемпиондарымызбен мақтанамыз!

