08 Қырқ 2026
Жетістіктер

Дарынды жастар – елдің жарқын болашағы!

Дарынды жастар – елдің жарқын болашағы! Бүгін Жанкелдин ауданы білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы ауданымыздың мақтанышына айналған дарынды оқушылармен және олардың жетекшілерімен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесуге «Айқанат» олимпиадасында білім грантын жеңіп алған Жаңабай Айзере Қайратқызы, сондай-ақ Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гимназиадасында бокс спортынан чемпион атанған Қапсамат Аягөз Мейрамбекқызы, Қайырбек Сұлтан Ернұрұлы және Жанболатқызы Аяжан қатысты. Жас жеңімпаздардың жетістігіне жол ашып, бағыт-бағдар берген жетекшілері Жұмабике Каримхановна, Ғабит Мирамбекұлы және Аман Тұрғынбекұлы да кездесудің құрметті қонақтары болды. Еркін форматта өткен жүздесу барысында Абай Қасымұлы жастарға жылы лебізін білдіріп, қай салада болмасын табандылық пен үздіксіз еңбектің адамды биік белестерге жеткізетінін атап өтті. Шалғайдағы ауыл мектебінен шығып, республикалық деңгейде жеңіске жеткен оқушыларымыз – талап пен еңбектің жарқын үлгісі. Осындай дарынды жастарымыздың жетістігі ауданымыздың мерейін үстем етіп, өскелең ұрпаққа шабыт сыйлай берсін! Жас таланттарға сәттілік, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар