08 Қырқ 2026
Жетістіктер

Бұл – ұзақ ізденіс пен тынымсыз еңбектің

Жанкелдин ауданының мақтанышы, дарынды оқушы Жаңабай Айзере Қайратқызын «Айқанат» олимпиадасында білім грантын жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – ұзақ ізденіс пен тынымсыз еңбектің, алған білімің мен алға қойған мақсатыңа деген адалдығыңның жарқын нәтижесі. Осындай үлкен жетістікке жетуің – өзің үшін ғана емес, мектебіңнің, ұстаздарыңның және туған өлкеңнің де зор мерейі. Айзере, бүгінгі жеңісің – алдағы үлкен белестерге бастар алғашқы қадамдардың бірі ғана. Білімге деген құштарлығың мен еңбекқорлығың ешқашан сарқылмасын! Әрдайым биік мақсат қойып, жаңа жетістіктерге ұмтылып, армандарыңа нық қадаммен жете беруіңе тілектеспіз. Жеңістерің көп, жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Біз сенің жаңа табыстарыңа әрдайым қуанып, қолдау көрсетуге дайынбыз. Құттықтаймыз, Айзере! Жаңа белестерді бағындыра бер!

Пайдалы ақпараттық ресурстар