08 Қырқ 2026
Жетістіктер

Жанкелдин ауданының мақтанышы Қайырбек Сұлтан Ернұрұлын Қазақстан оқушыларының

Жанкелдин ауданының мақтанышы Қайырбек Сұлтан Ернұрұлын Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гимназиадасында бокс спортынан чемпион атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – қайсар мінездің, табанды еңбектің және жігерлі рухтың жемісі. Сен шаршы алаңда тек қарсыласыңды емес, күмәнді, қорқынышты және шаршауды да жеңе білдің. Сұлтан, қазақ боксының даңқты жолын лайықты жалғап, Торғай топырағынан талай чемпион шығатынын дәлелдей бер! Көк байрағымызды халықаралық ареналарда биіктен желбіретіп, туған өлкеңнің мерейін үстем ететін күндерің алда екеніне сенім мол. Бүгінгі алтын медаль – мәренің соңы емес, үлкен жеңістерге бастайтын алғашқы белестердің бірі ғана. Жігерің жасымасын, соққың мығым, жеңісің тұғырлы болсын, чемпион!

Пайдалы ақпараттық ресурстар