Жанкелдин ауданының мақтанышы Қапсамат Аягөз Мирамбекқызын Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гимназиадасында бокс спортынан чемпион атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Аягөз, сен үшін ринг – таңсық емес. Бұған дейін де талай жарыста топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарды иелендің. Бірақ бүгінгі чемпиондықтың жөні бөлек. Бұл – көп жылғы еңбектің, төзімнің, табандылықтың және өз мақсатыңа деген адалдықтың заңды жемісі. Сенің бұл жеңісің – тек алтын медаль ғана емес, өзіңе деген сенімнің, жігеріңнің және ешқашан берілмейтін мінезіңнің жеңісі. Осындай табандылығың сені әлі талай биік белестерге жетелейді. Аягөз, алған бетіңнен қайтпа! Әрбір жекпе-жек сені шыңдап, әрбір жеңісің жаңа армандарға жол ашсын. Торғайдың намысын абыроймен қорғап, қазақ қыздарының қайсар рухын әлемге таныта бер! Чемпиондық тұғырың нық, жеңіс жолың ұзақ болсын!


