08 Қырқ 2026
Жетістіктер

Жанкелдин ауданының мақтанышы Жанболатқызы Аяжанды Қазақстан оқушыларының

Жанкелдин ауданының мақтанышы Жанболатқызы Аяжанды Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гимназиадасында бокс спортынан чемпион атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Аяжан – талай жарыстың көрігін көріп, талай тартыста шыңдалған спортшы. Әрбір жекпе-жек саған тәжірибе сыйлады, әрбір сынақ жігеріңді қайрады. Сол қажырлы еңбектің нәтижесі бүгін сені чемпиондық тұғырға шығарды. Сенің жеңісің – ешқашан тоқтамаған ізденістің, темірдей тәртіптің және қайсар рухтың айқын көрінісі. Нағыз чемпионды жеңіс емес, сол жеңіске дейінгі төгілген тер қалыптастырады. Сен осы жолдан абыроймен өттің. Аяжан, бүгінгі алтын белес – алдағы асулардың бастауы ғана. Биік мақсаттарыңнан таймай, әрдайым батыл қадам бас! Рингте қазақ қыздарының қайсарлығын танытып, туған Торғайдың мерейін асқақтатып, көк Туымызды талай дүбірлі додада желбірететініңе сенеміз. Жеңісің жалғассын, рухың асқақ, қадамың нық болсын, чемпион!

Пайдалы ақпараттық ресурстар